Түркістанда еуропалық үлгідегі аурухана салынады
Облыс орталығына айналған Түркістан қаласында алдағы уақытта тұрғындарға сапалы қызмет көрсететін медициналық нысандар арта түспек. Мұндай жағымды жаңалықты Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев 1 маусым – Балалар күнінің құрметіне «Дені сау ұрпақ - Мәңгілік елдің кепілі» атты киелі шаһарда өткен алғашқы дәрігерлер арасындағы облыстық ауқымды шара барысында айтты.
"Түркістан қаласына облыс әкімі еуропалық үлгідегі үлкен аурухана салады. Қазір сол жобаны Денсаулық сақтау министрлігі мен Үкімет мүшелері бірлесіп талқылауда. Аурухана құрылысы екі жыл көлемінде бітеді. Қосымша балалар ауруханасына ғимарат салынады" ,-деді Мұқан Кеңесбекұлы.
Динар Боранбекқызы
Кейінгі: «Фастфуд» зиян ба?
Алдыңғы: Біліп жүрші...