Өкпе обырының алдын алуға болады

Screenshot_1212121211.jpg

 Жыл басынан бері төрт айда мұндай дерт 27 ер, 19 әйелден табылған. Бұл сырқат 55-75 жас аралығында шегіне жетеді. Былтыр 726 науқастың 225-і емделуге өз еркімен келді»,- деді Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына қарасты онкологиялық емхана меңгерушісі Қарлығаш Омарова өңірдегі барлық аудандардан жиналған онколог-дәрігерлерге арналған семинарда.

 Бұл күні ҚазҒЗИ молекулалық генетика орталығының басшысы Мәдина Оразғалиева, Торакалдық онкология орталығының меңгерушісі Мақсот Қарасаев, химиотерапиялық кеңесінің төрағасы Рамиль Абдрахманов түркістандық әріптестеріне  «Өкпе обыры. Ізілген үміттің шырағы» тақырыбында семинар - кеңес өткізді. Семинарда қазіргі таңдағы емдеудің қолжетімді түрлері, заманауи диагностикалау түрінің пайдасы жайлы кеңінен айтылды.

 

Маман келтірген мәліметтерге сүйенсек, денеңіз түршігеді. Өкпе обыры елімізде өте күшті онкологиялық ауру ретінде екінші орында тұр. Осы сырқаттан науқастардың көз жұмуы бірінші орында. 2016  жылы Қазақстанда әр жүз мың адамға шаққанда өкпе ауруы 20,4 пайызды құрап, 2498 адам көз жұмған. Бес жыл бойы бұл сырқатпен ауырғандардың 35 пайызы ғана тірі қалуда. Он жыл ауырғандардың 7 пайызы ғана өмір сүреді. Жалпы өлім-жітім 19,4 пайызға жеткен. Рас, 2016 жылы өкпе рагымен ауырғандардың 32 пайызы емделген. Бұл орташа әлемдік көрсеткіштен екі есе төмен. Оның ішінде хирургиялық емдеу – 23,7,  тек сәуле арқылы – 8,5,  дәрімен – 29, дәрілерді үйлестіру түрінде – 5,5  кешенді түрде – 24,5,  химиялық сәулемен 8,9 пайызы емделді. Өкпемен ауыратындар мен оның асқынуынан бақилық болатындарда едәуір айырма жоқ. Бұл сырқат жабысқан науқастардың 20 пайызы ғана тұрақты емделеді. Ал қалған 80 пайызы мүлде қаралмайды екен. Болмаса халықтық емге жүгінеді. Соңғы уақытта ерлерден қалмай әйелдер де көп ауырып, соңғы ІV немесе V-ші сатыға жеткенде ғана дәрігерге тексеріледі.

 

– Әзірге Түркістан облысында осы өкпе рагынан бақилық болатындар саны өзге облыстарға қарағанда аз. Бірақ, бұл қуанатын жағдай емес.  Көбіне өндірістік зауыттары бар Солтүстік, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары ауырып, осы себептен бақилық болады. Павлодарда бір-біріне жалғасқан зауыттардан қалдықтар шығып қалаға тарайтынын көрдік. Қостанайда ешқандай өндірістік зауыт болмаса да Ресеймен шекаралас  жатыр. Ал шекараның арғы жағында уран өндіретін зауыт бар. Сондықтан орталық облыстар экологиядан зардап шегіп отыр.  Дәл өкпе рагынан Шығыс Қазақстан облысы соңғы 5-6 жылдан бері өлім бойынша алдыңғы қатарда тұр, – деді ҚазҒЗИ Торакалдық онкология орталығының меңгерушісі Мақсот Ысмағұлұлы.  

 

Шымкентте науқастарды қабылдаған Мақсот Қарасаев олардың сауалы көбіне отаға дейін және кейін химия терапиясын қабылдаудың қажеттілігі жайлы болғанын айтады. Егер ауырған кісіні емдеуге жергілікті дәрігердің біліктілігі мен сырқатты анықтайтын құралдар жетіспесе құжатын электронды почта арқылы Алматыға жібереді. Нәтижесін көру арқылы сырқатты шақырып, емдеу тәсілдерін айтады. Егер науқас Алматыға келе алмаса, телеконсультация арқылы кеңес береді. 

 

 ҚазҒЗИ молекулалық генетика орталығының басшысы Мадина Оразғалиеваның айтуынша, жеке анализдер Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларында тексеруден өткізіледі. Бірақ науқастарға ол қалаларға бару міндет емес. Сырқаты жайлы құжаттарын жіберсе болды. Осы жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі кешенді түрде үш жылға қатерлі ісік ауруларының уақытында тексерілуін қолға алмақ. Әр адам жыл сайын профилактикалық тексеруден  өту керек. Скрининг жүйесі енгелі осы арқылы ісікті ерте анықтауға болады. Бұл жүйе қолданысқа енгелі жұмыс жеңілдеп, сырқат белгілері ерте анықталатын болды.

 

–  Қазіргі таңда иммунитетті терапия деген жаңа емдеу түрі шығуда. Бұрын өкпенің рагымен науқастар 15-16 ай өмір сүрсе, қазір олардың өмірлері екі есе, 36 немесе 43  айға, бес жылға дейін ұзаруда. Кейбір емнің түрі 34 пайызға дейін жақсарған. Бұл іс-шараның бәрі науқастың өмірін ұзарту үшін атқарылуда. Ал профилактикалық тексеру кезінде бір ғана адамның сырқаты бары анықталған. Скрининг арқылы талдау жасау әзірге бізде мүмкін болмауда.  Келгендердің ішіндегі 41-і – І, ІІ, 121-і – ІІІ,  65-і ІV сатымен ауырады. Былтырғы анықталған 304 науқастың 104-і яғни 30 пайызы ғана бес жылдан артық өмір сүріп жатыр. Биылғы төрт айда 37 науқастың 35-і өздігінен емделуге келген. Белсенді түрде сырқат түрі анықталмаған соң, өкпе рагымен ауыратындар  үшінші, төртінші сатыда байқалып жатыр. Өткенде Ордабасы ауданында төртінші сатыда өкпе рагымен анықталған 65 жастан жоғары екі науқасты тексерсек, бірі мүлде профилактикалық тексеруден өтпеген. Ал екіншісі жұмыс істесе де соңғы 7-8  жыл бойы жыл сайын өкпені тексертетін флюрографиялық тексеруден де өтпеген. Сіздер тұрғылықты жерде жылда өтетін профилактикалық тексеруге  тізім жасағанда тұрғындардың санын алып сапасына мән бермейсіздер. Ішіне қандай сырқаты бар науқастың кіргенін анықтамайсыздар. Қазір тек санға жұмыс істеп, сапаға қарамайтын болдыңыздар, – дейді Онкология орталығының меңгерушісі Қарлығаш Омарова.

 

Облыс бойынша онкологиялық аурулар себебінен қайтыс болғандар 40 пайызды құрауда. Он науқас анықталса, оның төртеуі бір жыл ішінде қайтыс болады. Ол неге байланысты? Өйткені жаңағы науқастардың дені ауру тарап кеткен соң қиналғандығынан ІІІ, ІV сатыда дәрігерге келеді. Өйткені доктор тек онкологиялық сырқаты бар науқасқа ғана консультация жасап, ІV сатыдағы науқастың жағдайын білу үшін үйіне барып, тексермейді. Барлық аудандағы 20 онколог  бас көтеріп жұмысты жақсартпаса, мына цифр өзгермейді. Профилактикалық тексеруден кім өтіп жатканын қадағалау керек. Скринингке түспей қалатындар бар. Қазір жаңа КТ МРТ құрылғысын алуға 76 млн. теңге бөлінді. 55-75 аралығындағы 20 жылдан артық темекі шегіп жүрген адамдарды скринингтен өткізгенде арасында қатерлі өкпе рагы барлар табылуда екен.

 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Өкпе обырының алдын алуға болады