Клиника мен дәрігер таңдауға құқық беріледі

fmskz.jpg

 Осы ретте, халық арасында ақпараттандыруға қатысты үздіксіз жұмыстар жүргізілуде. Жүйенің негізгі көздегені халыққа көрсетілетін медициналық көмектің уақытылы, сапалы әрі тиімді көрсетілуін қамтамасыз ету. Биыл жүйеге қатысты бірқатар өзгерістер енгізілді.

 

 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің бірден-бір артықшылығы – медициналық қызметке азаматтардың қалтасынан шығатын шығындарды қысқартады, клиника мен дәрігер таңдауға құқық беріледі, сақтандыру пакетінің сомасы шектелмеген және төленген жарна көлеміне бағынбайды, сақтандыру пакетіне жоғары технологиялық операциялар да кіреді.

 

Жаңа заң бойынша жұмыс берушілерден басқа санаттар жарна төлеу міндетінен босатылады. Биылғы жылы жұмыс берушілер 1,5% көлемінде медициналық сақтандыру жарнасын өз қаражатынан аударуда. 2020 жылдан бастап, өз қызметкерлері үшін жарна төлеуді жалғастырады және жұмыс беруші есебінен 2% және қызметкер қаражатынан 1% аударады. Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар, келісімшартпен жұмыс істейтін жеке тұлғалар өзі үшін ең төменгі жалақының 1,4 еселенген көлемінің 5% төлейді. Ал, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар 2020 жылдан бастап, ай сайын ең төменгі жалақының 5% төлеп отырады.

 

Мемлекет халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрмысы төмен бөлігін қолдау мақсатында 10 млнға жуық адамды сақтандыруды өз мойнына алып отыр. Яғни 2020 жылдан бастап, мемлекет әлеуметтік әлсіз топтарға жататын балалар, жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, үш жасқа толмаған бала тәрбиесімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар, бала туу немесе жаңа туған сәбиді асырап алуға байланысты, баласы үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс алған азаматтар, мүгедек бала күтімінде отырған адамдар зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектер, сот үкімі бойынша қылмыстық атқару мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар, тергеу изоляторында отырғандар, жұмыс істемейтін оралмандар, «Алтын алқа», «Күміс алқа», алқаларымен марапатталған аналар, мүгедектер, орта, кәсіптік-техникалық, орта біліммен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар кіреді. Жеңілдігі бар санатқа жататын әр адам үшін аударылатын жарна мөлшері орташа айлық жалақының 1,4% ды құрайды. Ал, жарна төлемеген азаматтар амбулаторлық көмек пен шұғыл жағдайлар туындағанда көрсетілетін стационарлық көмекті тегін пайдаланатын болады.

 

Диагноз газеті