Ергежейлі әрі алып

331-4.jpg

Австриялық Адам Райнердің 18 жасында бойының ұзындығы 1 метр 20 сантиметр болған. Ал қолы мен аяғы тым үлкен ебедейсіз еді. 43-ші өлшемді аяқ киім киетін. Үш жылдан кейін ергежейлі Адам бірден өсе бастап, он жылда 2 метр 34 сантиметрге жетті. Ал аяғының өлшемі 53-ке бір-ақ жетті.

Мамандар тексере келе акромегалия деген диагноз қояды. Кейіннен науқастың оң көзі көрмей, сол құлағы тас керең болып қалады. Ауруы жанына батқасын тіпті төсектен тұрудан қалады. Райнер 51 жасында өмірден озды. Ол әлемдегі алғашқы  ергежейлі әрі алып  адам болып тарихта қалды.

Диагноз газеті

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ергежейлі әрі алып