Неше тісіңіз бар?

zuby.jpg

Стоматология тарихына назар салсақ: ежелгі кезде адамдар ет, тамыр сияқты азықты ұзақ шайнау арқылы күн кешірген. Осының салдарынан олардың жақ сүйектері қазіргі адамдарға қарағанда біршама ұзын болған. Сол себепті де ауыз қуысына 32 тіс сыйған.

Біраз уақыт өткеннен кейін адамдар азық-түлікке қажетті көптеген құрал-саймандар ойлап тапты. Енді бұрынғыдай ұзақ шайнап жейтін тағамдарды тұтыну азая бастады. Соның салдарынан адамның жақ сүйегі кішірейіп, керісінше бас сүйегі аздап үлкейді. Қазіргі күнде барлық адамда 32 тіс бола бермейді. Және бұл қалыпты жағдай. Кей жағдайда адамның жақ сүйегінде бос орын болмаса да аталған ақыл тістер шығуға әрекеттенеді. Әдетті бұл жағдай 17-25 жас аралығында болады.

Диагноз газеті

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Неше тісіңіз бар?