1723 рет қан тапсырған


джеймс хариссон.jpg

Қызыл Кресттің бағалауы бойынша, 1967 жылға дейін ресуз қақтығысы салдарынан жылына мыңдаған австралиялық сәбилер қайтыс болған. Харрисонның донорлығының арқасында 2 миллионға жуық сәбиді және олардың аналарының өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туған. Өйткені оның қанында анасының ресус факторлары бөлек сәбилердің өмірін сақтап қалу үшін көмектесетін өте көп мөлшерде маңызды антиденелер бар. Австралиялық дәрігерлер бұл антиденелер оның ағзасына жасөспірім кезінде құйылған қанға байланысты деген шешімге келген.

1935 жылы 27 желтоқсанда дүниеге келген Джеймс Харрисонды «алтын қолды адам» деп атайды. 14 жасқа толғанында оған күрделі операция жасалып,  өмірін 13 литр қан құтқарып қалды. Өзін донор қаны құтқарғанын білген Харрисон кәмелеттік жасқа толған күннен бастап адамдарға донор боламын деп уәде берген көрінеді. Австралиялық азамат 63 жыл бойы әр екі апта сайын қан тапсырып, 1723 рет қайырымдылық жасаған. Осыдан кейін биліктегілер оны сіңірген еңбегі үшін «Австралия» орденімен марапаттады. Ал Гиннестің рекордтар кітабы оны «әлемдегі ең белсенді донор» деп таныды.

63 жыл бойын қан тапсырып келген Харрисон былтыр мамыр айында 81 жасқа толды. Бұл австралиялық заңмен қамтамасыз етілген қан донорының ең жоғары жасы. Харрисон 11 мамырда соңғы рет қан тапсырды.


Диагноз газеті

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: 1723 рет қан тапсырған
Алдыңғы: Акуфагия