Ыстық бастан шығады
Дене температурасы мөлшерінен асса, бірінші бас ауыратыны содан. Дені сау ересек адамның дене температурасы +36,5°С бен +36,9°С аралығында болады. Бір тәуліктің ішінде дене температурасының сәл де болса ауытқуы байқалады. Мысалы, түнге қарағанда күндіз сәл жоғарылау болады. Бұл ағзадағы зат алмасудың өзгеруіне тікелей байланысты. Адам дене температурасының мұндай аз ғана ауытқуын сезе бермейді.
Дене температурасының +43 градусқа көтерілуі немесе 25 градусқа төмендеуі қазаға ұшыратады. Ал, денедегі ең жоғарғы температура 1980 жылы АҚШ-тың Атланта қаласында тіркелген. 52 жастағы Уилли Джонстың ыстығы қатты көтеріліп, ауруханаға түседі. Оның температурасы 46,5 градусты көрсеткен. Уилл Джонс ауруханада 24 күндей емделіп, сауығып шыққан екен. Сондай-ақ, ең төменгі температура – минус 16 градус, 1951 жылы чикаголық Дороти Стивенс есімді қызда тіркелген. 2 жасар қыз мұндай халге қатты суықтау нәтижесінде түскен. Дегенмен, ол да жазылып шыққан. Бір қызығы адам денесінің шыдай алатын ең жоғары температурасы – 204,4 градус болып тіркелген. Шын мәнінде, 168 градуста етті қуырып жеуге болады.
Диагноз газеті