Төлеби ауданында тегін сүндеттейді

Screenshot_10.jpg

Түркістан облысында Төлеби ауданындық орталық ауруханасының дәрігерлері 19-23 тамыз күндері аралығында балаларды тегін сүндеттейді. Бұл туралы аталған аурухананың бас дәргері Дәулет Мұсаев айтты.

– Алдағы дүйсенбі күні, яғни 19-23 тамыз аралығында Төлеби аудандық ауруханасында көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары үшін тегін сүндеттеу акциясы басталмақ. Біздің ұжым көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатында осы акцияны өткізуді дұрыс деп таптық. Өйткені елді мекендерде бала саны өсуде. Мектеп жасындағы шиеттей бала-шағасына мектеп киімдері мен құралдарын сатып алудың өзі ата-анаға әжептеуір қиындық тудырады. Осы орайда медицина қызметкерлері тегін сүндеттеу арқылы ата-аналарға кішкене болса да қолдау білдірмек, – деді Төлеби аудандық ауруханасының бас дәрігері.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Төлеби ауданында тегін сүндеттейді