Мақсат- бос уақытты тиімді пайдалану

 

Без названия.jpg

 

Түркістан облысында «Жастар жылы» аясында  көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.

-Жуырда Келес ауданы Жүзімдік ауылдық огругі Жүзімдік елді мекеніне қарасты орталық спорт алаңында, жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, оқудан тыс бос уақытарын тиімді пайдалануы, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында -"Спорт денсаулық кепілі" атты кіші футболдан жарыс өтті. Айтулы іс-шара өте қызықты әрі тартысты өтті,-деп хабарлады Келес аудандық әкімдігі.

Еске сала кетейік, жастар арасында спортты,  туризмін дамытудың өзектілігіне қаңтар айында «Жастар жылының» ашылу салтанатында Елбасы Н.Назарбаев та айырықша тоқталып, осы бағытта Үкіметке, жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар берген болатын.

-Қазақстанда экологиялық, спорт-сауықтыру және экстремальды туризм орталықтары болуға лайықты жерлер көп. Осы айтылған бағыттарды дамыту үшін тиісті инфрақұрылымды жетілдіріп, жастардың туристік клубтарын жаңғырту керек. Білім және ғылым министрлігіне жоғары оқу орындарында волонтерлердің арнайы курстарын ашу мүмкіндігін қарастыруды тапсырамын. Жастардың бойында әлеуметтік жауапкершілік пен қоршаған ортаны аялау сезімін қалыптастыру негізгі міндет саналады. Әсіресе, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдірудің, мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін дарытудың маңызы зор. Кез-келген адам жасы ұлғайған шағында жастар тарапынан жанашырлық пен қамқорлық күтетінін ұмытпаған жөн. Еліміздегі жарты миллионға жуық студент жастар Үкіметтік емес ұйымдармен бірге мұқтаж  жандарға елеулі көмек көрсете алады,-деді Елбасы.

 



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Мақсат- бос уақытты тиімді пайдалану