Жастар сенбілікке белсене қатысуда

67402109_732944480491172_4052753732033576960_n.jpg

Экологиялық акциясы аясында Түркістан облысы бойынша жалпыхалықтық сенбілік болып өтті. Айтулы іс-шараға өңірдегі Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері белсене қатысуда.

Ал 27-шілде күні сағат 8:00-ден бастап Түркістан қаласында  жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылатын болады.

Еске сала кетейік, Елбасы Н.Назарбаев қаңтарда «Жастар жылының» ашылу салтанатында:

-Бүгінде бүкіл еліміз бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды құрылыс жұмыстарына жастарымыз белсенді атсалысуы керек. Осы саладағы компаниялардың бәрі студенттік құрылыс отрядтары үшін арнайы квота бөлгені жөн.  Осыған байланысты, рухани орталығымыз – Түркістан қаласын көркейту үшін зор мүмкіндіктер ашылып отыр.  Үкімет облыс әкімімен бірлесіп, бұл мәселені өз бақылауына алуға тиіс.  Сондай-ақ, былтыр өзім бастап берген «Жас сарбаз» қозғалысы негізінде әскери-патриоттық тәрбие беру ісін дамыту қажет. Үкіметке 2025 жылға дейінгі әскери-патриоттық тәрбие беру бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. «Жас сарбаз» бастамасының үлгісімен еліміздегі волонтерлерді, әсіресе, әлеуметтік жобалар саласындағы еріктілерді біріктіру қажет. Қазір дүниежүзінде жастар туризмін дамытудың өзектілігі артып келеді. Бұл сала олардың өз еліне деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру ісінде маңызды рөл атқарады.  Әлемдік Ішкі жалпы өнімдегі туризмнің үлесі – 10 процент. Жастар туризмі халқымыздың бірлігін сақтап, төл мәдениетімізді дамыту мәселелерін қамтиды. Сондай-ақ, ішкі өңірлік байланыстарды нығайтуға, халықаралық серіктестікті кеңейтуге септігін тигізеді. Қазақстанда экологиялық, спорт-сауықтыру және экстремальды туризм орталықтары болуға лайықты жерлер көп. Осы айтылған бағыттарды дамыту үшін тиісті инфрақұрылымды жетілдіріп, жастардың туристік клубтарын жаңғырту керек,-деген болатын.   

 



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Жастар сенбілікке белсене қатысуда