«Тойота» автокөлігі анасы мен баласын қағып кетті
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында «Тойота» маркалы автокөлігі кішкентай баласы мен анасын қағып кетті.
Оқиға Абай даңғылының бойында орын алған. Бейсекбаев көшесі жақтан Брусиловский көшесіне қарай бет алған «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі жолақ ауыстыру кезінде тізгінге ие бола алмай қалған. 3-4 жас шамасындағы баласы мен анасын соққан көлік иесі жер үйдің қоршауына барып соғылған. Нәтижесінде бала оқиға орнында көз жұмған, ал анасы ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
«Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды», - дейді департамент мәлімдемесінде.