Остеохондроз қандай ауру? Алдын алу, себепері, емі
Остеохондроз - омыртқа аралық дисканың қабынуы, ол физикалық тұрғыдан аз қимылдағаннан пайда болады. Остеохондроз туберкулез ауруынан немесе сүйектер мен буындарға іріңді инфекцияның түсуінен пайда болады. Ауыр дене еңбегі мен шағын жарақаттар және салқын тиіп ауыру факторлары остеохондрозды асқындыра түседі. Бұндай ауруға шалдыққан адамдардың сүйектері мен буындары сырқырап ауырады. Әсіресе, омыртқааралық дискілерде дистрофикалық процесс жүреді. Науқастың жүріп-тұруы қиындайды. Көбінесе бұндай жағдай бел омыртқа остеохондрозында байқалады. Оны рентгендік диагностика арқылы анықтайды. Сүйектің пішіні өзгермес үшін науқасты қозғалтпай тыныш жатқызу керек. Ауырсынуды азайту үшін ауырған жерге жылу басып, қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер берген жөн. Жалпы, бұндай аурудан айығу үшін курорттарға барып емделіп, қара балшықты пайдаланған тиімді. Негізінде остеохондроз — сүйектердің буын араларына минералды тұздың жиналуы. Оның белгілері сан алуан. Остеохандроз мойын, кеуде бел омыртқалар бөлігін қамтиды.
Барлығымызға белгілі ауруды емдеудің жақсы әдістерінің бірі – оның алдын алуы. Остеохондрозды болдырмау үшін, оның алдын алу сұрақтарымен ерте бала кезден бастау керек. Сәби өмірінің 1-жылдарынан бастап дене шынықтыруымен, спорттың қозғалмалы түрімен, ойындармен, тірек-қимылға аса мән беру, омыртқа жотасына артық салмақтың түсуін қадағалау.
Остеохондроздың асқыну себептері:
Артық салмақтың түсуі. Омыртқа жотасы арасындағы дискілердің арасындағы беріктілігі мен оларға жүктелетін салмақтың күш салынуымен мінезделетін дегенеративті үрдіс. Артық салмақтың салдарынан омыртқа жотасы құрылымының жарақаттануына әкеліп соғады. Омыртқа жотасы арасындағы амортизация рөлін атқаратын дискілер артық салмақтың түсуі ерекше сезімтал болып келеді.
Омыртқа арасындағы дискілерінің қоректенуінің бұзылуы. Омыртқа жотасы арасындағы дискілерде қан тамырлары болмайды да, айналадағы тінілердің тінілер арасындағы сұйықтықтың диффузия есебінен олардың қоректенуі жүзеге асады. Диффузия үрдісі омыртқа жотасы мен бұлшық еттерінің белсенді қимыл-қозғалысына мүмкіндік береді. Омыртқа жотасының ұзақ уақыт қимыл-қозғалыссыз болуы омыртқа жотасы арасындағы дискілерінің жүйке жүйесіне әсер етуі остеохондроздың түзілуіне әкеліп соғады.
Басқа факторлар. Тұқымқуалаушылық, зат алмасу қызметінің бұзылуынан, гормональді өзгерістер, соматикалық аурулар т.б. бұл себептер кезінде қан айналымының өзгерістеріне әкеліп соғады. Дискінің фиброзды жүзігінде фиброзды талшықтар ыдырап, микросызат пен тесік пайда болып, пульпозды ядроның орнынан тайып, протрузия немесе омыртқажотасы аралық диск жарығының түзілуіне әкеліп соғады.
Остеохондроздың клиникалық симптомдары екі негізгі топқа бөлінеді: жергілікті симптомдар – арқаның ауруы немесе арқанның белгілі бір бөлігі: мойын, бел, жауырын арасындағы ауруларынан; неврологиялық симптомдар – омыртқа жотасының нерв жүйесі мен тамр жүйесі үрдісіне тартылуына байланысты пайда болып, ағзаның құрылымдарының қанайналымы мен жүйкеленеуіне жауапты.
Остехондрозды емдеу – кешенді: дәрі-дәрмекпен – асықынуды басуға бағытталған, хандропротектордың тағайындалулары остеохондроздың үдеуіне жол бермейді де, шеміршек тінілерін қатайтады. Арқаға массаж жасау, омыртқа жотасын түзету арқа бұлшықеттерінің тонусы мен икемділігін, қан айналымын жақсартуға,, нерв түбіршектерінің қысылып қалмауына және омыртқа жотасы-тірек сигменттерінің қозғалғыштықты орнына келтіруге көмек береді. Омыртқа жотасын созу остеохондроздың омыртқа жотасы арасындағы дискінің протрузияға немесе жарғының пайда болу кезінде қолданылатын әдіс. Емдік блокада бұл – паталогиялық ошақтың аумағына дәрі-дәрмек препаратын егу. Әр түрлі физиотерапевтикалық емшаралар қолданылады: магнитотерапия, лазермен емдеу, ультрадауыспен, миостимуляция, электрошаралар.