Жол мәселесі тұрақты назарда

70172042_2767417139934947_9050839498312646656_o.jpg


Түркістан облысы Төлеби ауданында жол мәселесі де тұрақты назарда болып тұр. Әр жылы қала, ауылдық округтердің көшелері асфальттанып, жолдары жөндеуден өтуде. Биыл да осы салада жүйелі жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Жуырда ауданға жасалған пресс-тур барысында осы жол саласында атқарылып жатқан жұмыстар журналистердің назарына ұсынылды. 

Ленгір қаласы бойынша жалпы қосындысы 565м2 құрайтын Төлеби, Айтеке би, Қазыбек би, Оқжетпес, Бірлік, Қапал батыр көшелеріндегі шұңқырларға асфальт қоспасын төсеу жұмыстары жүргізілді.

Биыл аудан ішілік 27 көшеге аудандық бюджеттен 577,0 млн.теңге қаржы қаралып, 44,9 шақырым құрайтын жолдың құрылыс жұмыстары жүреді.

Сонымен қатар, тұрғындар көп айтатын Ленгір қаласындағы Төлеби көшесінің 6,0 шақырым жолы жөнделеді. Оған республикалық және облыстық бюджеттен 230,0 млн теңге қаралды. Ә.Бектаев көшесінің 3,3 шақырым жолы да назардан тыс қалған жоқ. Бюджет қоржынынан 126,0 млн тенге қаржы бөлінген көшеге асфальт төсеу жұмыстары шілде айында басталатын болады.



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Жол мәселесі тұрақты назарда