«Өрлеудің» арқасында кәсібін дөңгелетіп отыр
Түркістан
облысы Төлеби ауданына жасалған пресс-тур барысында журналистер
өңірдегі шағын кәсіпкерлікпен айналысып жатқан отбасыларда аралады.
Солардың бірі жеке кәсіпкер Есімхан Дауытбековтің үй іргелік жерінен
ашылған шағын сүт фермасын ашқан. Кәсіпкер 50 бас «Голштейн» сиырын
сатып алып, малдың басын көбейтуді қолға алған.
Ал Алғабас елді мекенінің тұрғыны Қанат Жиенбаев тамшылатып суғару әдісі арқылы құлпынай еккен. Ол 2015 жылдан бері бос жатқан 70 соттық жерінің 50 соттық жеріне тамшылатып суғару әдісін пайдаланып құлпынай егумен айналысып келеді. Аталған шаруашылықта қажеттілігене қарай 4 адамнан 12 адамға дейін жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, күніне әрқайсысына 2200 теңгеден төлеуде.
Жеке кәсіпкердің сөзінше, бір маусымда 1 тонна көлемінде құлпынай алады екен. Өнімдерін мамыр, шілде және қыркүйек айларында жинайды. Тіпті төртінші мәрте дәрілік қоспасыз өнім алуды жоспарлап отыр.
Бірінші Мамыр елді мекеніндегі Сулейменова Ұлданай «Өрлеу» бағдарламасы арқылы қаржы алып өз кәсібін дөңгелетуде. 3 баланың анасы бағдарлама арқылы 500 000 теңге көлемінде қаржы алып, 2 тігін машинасын алып жұмыс жасап жатыр. Сонымен қатар ауылдың 10 шақты қыз-келіншектерін тігін тігуге үйретіп жұмысқа баулуда.
Сондай-ақ, мал бордақылау ісімен айналысу үшін өкіметтен ауыл шаруашылық қолдау қорынан 6 пайыз жеңілдікпен 4 000 000 теңге несие алып қазіргі таңда осы қаржыға мал қора салып 12 бас жылқы алып бордақылауда. Үй іргелік жерін де тиімді пайдаланып бау және көкеніс егіп отбасын асырап отыр.