"Адалдық сағаты" өтті
2019 жылғы 15 қазанда Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес, «Адалдық сағаты» өткізілді.
Департаменттің «Адалдық сағатына» «Нұр Отан» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің мүшесі Ибрагимов Жанатбек Өзбекұлы мен Фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығының директоры Әлжанова Хадиша Дербісқызы шақырылып, пікірлері тыңдалды.
Жиналыс барысында Департаменттің басшы орынбасары Қосалиев Алмат Ералыұлы баяндама оқып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы туралы мәселелер қаралып, құқық бұзушылықтардың салдарын жою, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті екендігін айтты. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау үшін, тексеруге шыққанда, мемлекеттік қызметтер көрсету барысында Заң шеңберінен аспау, қызметін асыра пайдаланбау қажеттігін ескертті.
Департаменттің бірқатар қызметкерлері жиналыс барысында пікір білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша жауап алды және «Адалдық сағаттарын» жиі өткізіп тұруды ұсынды.
Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі