Инсульттің алдын алыңыз!

Screenshot_7.jpg

Инсульт — бастың қан айналым жүйесінің жедел бұзылуы. Бастағы ми қан тамырларының зақымдануы және қан тамыр жүйесінің түрлі ақаулары инсульке шалдықтырады. Инсульт екіге бөлінеді. Бірінші геморрагиялық. Бұл бас миына немесе оның сыртқы қабығына қан құйылуы. Екінші ишемиялық. Бұл бас миының инфаркті. Ең қауіпті түрі — геморрагиялық инсульт. Мұндай кезде адам есінен танып қалады. Инсульттің бұл түріне шалдыққандардың 70 %-ы көз жұмады. Ал ишемиялық инсульт алған адамның миына қан дұрыс бармайды. Уақытында дәрігер көмегіне жүгінсе, аурудан толық айығып кетуге болады.

Шымкент қалалық салаутты өмір салтын қалыптастыру орталылығының мамандары инсульттің алдын-алу жолдары туралы кеңес береді. 

Инсульт әйелдерден гөрі ер кісілерде жиі кездеседі. Қауіп факторларына: науқастың жынысы, жасы, тұқымқуалаушылық факторлар жатады. 

Инсульттің негізгі қауіп факторлары: 

Артериялық гипертензия, чғни жоғары қан қысымы; 

Шылым шегу; 

Жүрек аурулары; 

Қантты диабеті; 

Май алмасуының бұзылысы; 

Алькогольді ішімдіктерге әуестік; 

Ауыз арқылы қабылданатын контрацевтивтер қолдану. 

Артериялық гипертензия. 

Артериялық гипертензия - ишемиялық және геморрагиялық инсульттің ең қауіпті факторы болып табылады. мұнда систолалық та, диастолалық та қан қысымы көтерілуінің қауіп дәрежесі бірдей. Артериялық гипертензияның емі дұрыс әрі тиімді болған жағдайда, инсульт қаупі екі есе төмендейді. Артериялық қан қысымын 140/90 мм. с.б.б. дәрежесінде сақтап тұру шарт. 

Шылым шегу. 

Шылым шегу- жүректің және бастың қан тамырларында атеросклероздың және тромбтардың пайда болуына әкеледі. Шылым шеккен адамдарда инсульт қаупі екі есе ұлғаяды. 

Жүрек аурулары.

Жүректің ишемиялық сырқаты, жүрек жеткіліксіздігі, жүрек ақаулары, жыпылықтаушы аритмия кезінде инсульт екі есе жиілейді. 

Қантты диабет. 

Қантты диабет - үдемелі түрде атеросклероздың қалыптасуына әкеледі. Емдәмді сақтау, қандағы қанттың мөлшерін төмендету, тұрақты түрде қандағы глюкозаның мөлшерін есептеп тұру инсульттің алдын алады.

Май алмасудың бұзылыстары. 

Қандағы холлестериннің көбеюі ұйқы және коронарлы артериялардағы атеросклерозға әкеп соғады. Бұндай науқастарға тұрақты статиндер ішіп тұру қажет. 

Алкогольді ішімдік.

Алкогольді ішімдік ішу- артериялық қан қысымының жоғарлауына әкеп соғады. осының әсерінен кардиомиопатия, жүрек фрғағының бұзылыстары пайда болады. 

Қайталамалы инсульттің алдын алу

Әрбір бесінші инсульт қайталамалы инсульт болады. Қайталамалы инсульттер өте ауыр өтеді және 1,5 пайыз жағдайда өліммен аяқталады. Бүкіл әлемде 1,5 млн. адам инсульт алған. 1 жылда 4-14 % қайталамалы инсульт алады. 

Қайталамалы инсульттің негізгі қауіп факторлары. 

Артериялық гипертензия; 

Бас миын қанмен қамтамасыз ететін артерияның атеросклероздық зақымдануы;

Жүрек аурулары: жыпылықтаушы аритмия, инфаркттен кейінгі атеросклероз, жүрек ақаулары, жармақшалардың протездену; 

Қантты диабет; 

Шылым шегу;

Алкогольді ішімдік қолдану. 

Инсульт алған науқас төмендегі шарттарды орындауы қажет: 

1.Шылым шегуден бас тарту; 

2.Алкогольді ішімдіктен бас тарту; 

3.Дене салмағын қалыпты жағдайда ұстау; 

4.Күнделікті физикалық жүктемелермен айналысу; 

5.Қан қысымын тұрақты түрде қадағалау. 

Егер науқас ишемиялық инсульт немесе транзиторлы ишемиялық шабуыл алған болса, онда күнделікті тромбқа қарсы дәрілер қабылдауы керек: ацетилсалицил қышқылы, клопидогрель. 

Жыпылықтаушы аритмия болған кезде жармақшаның протездену кезінде ауыз арқылы қабылданатын ең тиімді дәрмектер - антикоагулянттар (варфарин, синкумар).

Артериялық қан қысымын тұрақты бақылау - қайталамалы инсульттің, сонымен қатар өмірге қауіп төндіретін жағдайдың алдын алады.

Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Инсульттің алдын алыңыз!