Туристке ең қажетті нәрсе - инфрақұрылым
Туристер саяхаттапр баратын қала қанша жерден көне болғанымен, ол жерде туристерге лайықты жағдай жасалуы тиіс. Яғни, шетелден келетін қонақтарға жуынуға, ыстықта терлемей, суықта жаурамай отыруы үшін арнайы қондырғыларды іске қосатын электер, газ жүйесі, жалпы қысқаша айтқанда инфрақұрылым жүйелерінде мін болмауы керек. Сонда ғана туристер емін-еркін қимылдап, лайықты деңгейде рухани-физикалық тұрғыда дем алады.
Осыған орай бүгінде Түркістанда инфрақұрылым саласы бойынша көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан қаланы газдандыру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтсақ, Иассы мөлтек ауданы, Ыждыхат тұрғын үй массивін газдандыру бойынша мұндағы абонент саны – 4161 үй, 112,1 шақырым газ құбыры, ал Отырар мөлтек ауданы, ХҚТУ тұрғын үй массиві бойынша абонент саны – 5025, 115,9 шақырым газ құбырлары монтаждалып отыр. Жұмыс осы жылы аяқталады.
Сонымен қатар, Отырар мөлтек ауданы, Коммунизм аумағы бойынша абонент саны – 3505 үй, 74,6 шақырымы газ құбыры монтаждалса, Шавгар мөлтек ауданы, Ортақ тұрғын үй массиві бойынша абонент саны – 4424 үй, шкафты газ реттеуші пунктінің 958 дана жәшіктерінің тіреуіштері бетондалды.
Бекзат мөлтек ауданы бойынша абонент саны – 2954 үй. Нысан бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, қысымдау жұмыстары жүргізілуде. Ал, Ремзауыт аумағы, жаңа құрылыс, қаланың орталығы бойынша абонент саны – 5676. Қазіргі таңда аталған, аумақтарға инженирингтік қызмет көрсетуші мекемелерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Қызылорда тас жолы Иассы және Сауран мөлтек ауданы, Баянауыл аумағы бойынша абонент саны – 3036 болса, аталған тұрғындармен келісім-шарт түзу жұмыстары атқарылуда.
Шавгар мөлтек ауданы, Шипа су, Коммунизм аумағын газдандыру бойынша абонент саны – 6543 құраса, олармен келісім-шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде. Ал, Иассы мөлтек ауданы, Тұран және Оралман тұрғын үй массивін газдандыру бойынша абонент саны – 6195 үйді құрайды. Қазіргі таңда аталған нысандарда инженирингтік қызмет көрсетуші мекемелерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Түркістан халқын газдандыру жұмыстары 2019-2020 жылдары толықтай аяқталатын болады.