Жергілікті тұрғындар туристерге қызмет көрсетуде белсенділік танытуда
Қазіргі таңда Түркістан қаласында туризмді дамытуда көптеген игі істер атқарылуда. Түрлі заманауи үлгіде нысандар салынып, туристерге көрсетілетін қызмет сапасы күннен-күнге артып келеді. Бүгінде туристерге қызмет тек мемлекет тарапынан ғана емес, сонымен қатар, жергілікті тұрғындар тарапынан да көрсетілуде.
Шетелдік қонақтарға қызмет жасап жүрген Құрмаш Төтеев – тарихи шаһар Түркістанның туризімін дамытып, содан табыс тауып жүрген жандардың бірі. Тіптен арнайы шеттілі курстарына бармай-ақ шетелдіктермен тілдесудің оңтайлы тұсын тапқан. Ағылшын тілін еркін меңгермеседе, ауызекі сөйлеу мәдениеті қалыптасқан. Дидарласқан әрбір саяхатшыдан қолтаңба алуды әдетке (хобби) айналдырған азамат, қаламыздың туристік орталық боларына бек сенімді деп хабарлайды қалалық "Түркістан" газеті.
«Венеция мемлекетінен келген 2 жас жігіт арнайы қағаз берді. Естелік болсын деген ниетте лебіз парағына 50-ге жуық әлемнің түкпір-түкпірінен келген меймандарға қол қойғызып алдым. Шетелдіктердің Арыстан баб, Үкаша ата, Қ.А.Ясауи кесенелері сынды өңіріміздегі көне архетиктуралық ескерткіштерге деген құмарлығы тәнті етті. Бірде германиялық қонақпен Сауран қалашығына сапарымызда ол фотоаппаратымен күннің ұясына батқан сәтті түсірді. Мұдай құбылысты мүмкін осылай көрмесем арнайы көруге бармаста шығармын, кім білсін?
Негізі шеттен келгендер біздің табиғатымызға, тарихи орындарымызға ерекше құрметпен қарайды. Ұлы даланың қасиетін сезіне алмай жүргендей көрінеміз кейде. Негізі біз шетелдіктер қызыға қарайтын туған жерімізбен қашанда мақтануымыз керек»,- деді Құрмаш Дүйсебайұлы.
«Екі жолаушыны қаланың кіре берісіндегі жаңа автовокзалға жеткізуім керек болатын. Жол үстінде көлігім сыр беріп, тоқтауға тура келді. Сонда жанымнан өтіп бара жатқан көліктегі жас жігіттер көмек берді. Оларға алғысым шексіз әрине. Біздің елде бір-біріне әрдайым көмек көрсетуге әзір деген сөзімді естіген шетелдік жолаушылар риза болып, таңданыстарын жасырмады» – деген ағамыз кезекті сапары кезіндегі ғибрат аларлық қызықты оқиғасын әңгімелеп берді.