Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр құрылыс алаңдарын аралады

Screenshot_7.jpg

Түркістан қаласы бүгінде үлкен құрылыс алаңына айналған. Мұнда күні-түні қызу құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Себебі, облыс орталығына айналған Түркістан қаласына келушілер қатары жылдан-жылға артуда. Алдағы уақытта қалаға келетін туристер саны 2 миллионға жеткізу жоспарда бар. Осыған орай қалада көптеген жұмыстар атқару керек.

Бұл жұмыстардың атқарылу барысын тексеру үшін жақында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Түркістан қаласының әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік маңыздағы нысандарының құрылыс алаңдарын аралады.

Үкімет басшысының орынбасары Түркістан қаласындағы қазаны қайнаған құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, әкімдік, медиа орталық, «Нұр-Сұлтан» алаңын, Тұңғыш Президент саябағы, халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратын, музыка мектебін, сонымен қатар аттракциондары бар қалалық саябақтың құрылыс жұмыстарын аралап көрді. Жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярға Түркістан қаласын салудың Бас жоспары көрсетіліп, жаңадан бой көтеретін мәдени-рухани орталықтың жобасы таныстырылды. Бірегей жобаға АҚШ -ң SOM – (Skidmore, Owings and Merrill) архитектуралық бюросы жұмылдырылған. Әлемдік деңгейдегі сәулеттік бюросы дүниежүзіндегі ең биік, қайталанбас ғимараттардың жобаларын жасаған.