Туризм- кәсіп алаңы

Znalezione obrazy dla zapytania туризм услуги

Түркістан - сан ғасырлық адамзат шежіресінің куәгері және өркениет жауһары. Түркістанды дәл бүгінгі деңгейінен әрмен қарай көркейту қала тұрғындарының алдында тұрған басты міндет. Түркістан бүгінде әлеуметі жоғарылап, экономикасы жедел артып келе жатқан әрі жас, әрі көне қала. Ос тұста қалада туризм мен кәсіпкерлік салаларын барынша жандандыру да маңызды рөл ойнайды. Оның себебі де жоқ емес. Түркістан туристердің отаны, қала тарихи мекен есептелінгендіктен жыл сайын қалаға әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылоып келіп жатады. Ал ендігі кезекте кәсіпкерлікті дамыту сөз жоқ, қаланы қазіргісінен де жоғары деңгейге алып келеді.

"Big Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қаладағы туризм саласын жандандыру мақсатында қызмет көрсететін кәсіп бастау мақсатында 50 миллион теңге көлеміндегі сомманы алуды көздеп отыр. Жалпы бұл идея қала экономикасын ендігі бар нәрсені дамытудың арқасында қайта жандандыру тарапынан өте тың жоба болып есептелінеді.

Бүгінде кәсіп бастауға ниетті адамға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек, мүмкіндік түрлері өте көп. Мемлекет әрекет жасаған адамның барлығына да қол ұшын созуда. Екі қолға бір күрек таппай жүргендерді алдымен оқытып, мамандық игертіп, тіпті оларға шәкіртақы төлеп, қолдарына диплом ұстатқан соң жұмыспен қамтуды да қолға алды. Ал, жеке кәсіп бастаушыларға қайтарымсыз грант, жеңілдетілген несие беріледі.  «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы да соның айқын дәлелі.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Туризм- кәсіп алаңы