МӘМС: Бірнеше жерде жұмыс істейтін адам үшін жарна қалай төленеді?

Screenshot_5.jpg

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов бірнеше жерде жұмыс істейтін адам үшін жарна қалай төленетіні туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Егер адам екі немесе одан да көп жерде жұмыс істесе, онда ӘМСҚ-ға жарна әр табыс көзінен бөлінуі керек.

«Егер адам екі жерде жұмыс істесе, жарна ортақ табыс есебінен төленеді. Бұл жерде бөлінетін жарна шектеулі: ай сайын 6 мыңнан аспауы керек», - дейді Айбатыр Жұмағұлов.