Халық қалаулылары Шымкенте ат басын бұрды
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Шымкентке ат басын бұрып, білім және денсаулық саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. "Негізгі мақсатымыз, биылдан бастап заң жүйесіне бір қатар өзгерістер енді. Жергілікті жерлерде орындалуы қалай, соны бақылау. Тұрғындардың жағдайымен танысып, қал-ахуалын көру",- дейді Сенат депутаты Айгүл Қапбарова.
Халық қалаулылары шаһардағы кардиологиялық орталыққа бас сұқты. Шымкент қалалық кардиологиялық орталықта 2019 жылы 4500-ден аса науқастың деріне дауа тапты. Мекеме 138 төсек орынмен жабдықталған. Мұнда сырқаттардың 80 пайызы жедел түрде жеткізіліп, ем-дом шараларын қабылдай алады. Ал, қалған 20 пайызы жоспарлы түрде ем алады. Дәрігерлердің айтуынша, мамандар көмегіне жүгінген емделушілердің басым бөлігінің жүрек қан тамыр жүйесі тарылған. Медициналық орталық Түркістан мен Шымкент қаласының тұрғындарына бірдей қызмет көрсетеді. Емделушілердің 51 пайызы Түркістан облысының тұрғындары. Ал, қалған 49 пайызы осы Шымкент қаласының тұрғындары.