Шымкенттегі емханалар жаңа жүйе бойынша қызмет көрсетуді бастады

Screenshot_8.jpg

Шымкент қалалық №1 емханада журналистерге арналған пресс-тур өтті. Шараны ұйымдастырған қалалық денсаулық сақтау басқармасы.   Қалалық емхана Әл-фараби және Еңбекші аудандарының 54631 тұрғындарының аусымына 500 адамға медициналық қызметтер: бастапқы (дәрігерге дейінгі) медициналық-санитариялық көмек, білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік және оңалту көмектерді ұсынады.

"Емханада 105 дәрігер, 196 медбике  жұмыс істейді, дәрігерлердің санаттылығы -71,6 %, орта буынды медициналық қызметкерлердің санаттылығы – 61%. Тіркелген халыққа жалпы 33 учаске қызмет көрсетеді",- дейді емхананың бас дәрігері Махамбет Бейсеуов.

   Консультативтік-диагностикалық бөлімшеде барлық қажетті бейіндік мамандар, консультативтік-диагностикалық зертхана жұмыс істейді, және қажетті диагностикалық қызметтер көрсетіледі.

     2020 жылғы 1 қаңтардан бастап емхана ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызмет көрсетеді.

Емханада науқастың маршруты тіркеу бөлімінен басталады, алдымен науқас анықтама орнына  жүгінеді, онда оған ЖСН-мен "КМИС/БХТ" бағдарламасы бойынша сақтандырылу  мәртебесін айқындайды, егер пациент сақтандырылмаған жағдайда, оған 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін барлық қызметтің тегін көрсетілетінін және 1 сәуірге дейін пациенттің міндетті түрде  төлемдерді төлеу керек екенін түсіндіреді. Сондай-ақ төлемдерді емхана ішінде орналасқан «Касса 24» терминалында төлеуге болатынын түсіндіреді.Ары қарай тіркеу бөлімінің қызметкері  пациентті учаскелік дәрігердің қабылдауына жібереді. Бұл жерде қажетті медициналық құжаттарға, еңбекке жарамсыздық парағына  мөр басатын және емханаға тірекуге жауапты медбикелер жұмыс атқарады. Тіркеу бөлімінде халықтың игілігі үшін бас дәрігердің азаматтарды қабылдау бөлмесі ұйымдастырылған. 2019 жылда күндізгі стационар 30 койкаға дейін кеңейтілді. Сонымен қатар, кеңес-диагностикалық медициналық қызмет түрлері кеңейтілген, соның ішінде стоматологиялық және қымбат туратын қызметтер (МРТ, КТ, ИФА, ПЦР және т.б.). 2019 жылда ЛОР комбайн сатып алынды.

  Емхананың тіркеу бөлімі МӘМС-енгізу бойынша көрнекі құралдармен: тіркеу,"Egov" порталымен жұмыс істеу, ТМККК және МӘМС пакеттері, азаматтардың 15 жеңілдікті санаттарының тізбесі бойынша стендтерімен, «Медициналық сақтандыру қоры» , ДСБ байланыс орталықтары, МӘМС QR-коды ,МӘМС бойынша барлық қажетті ақпаратпен  жабдықталған.