Мемлекеттік тілді ұлықтады
Сарыағаш ауданында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған мерекелік салтанатты шара өтті. Сарыағаш аудандық мәдениет тілдерді дамыту денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жиынға, аудан әкімінің орынбасары, М. Сейтімбетов, аудандық сот төрағасы Т.Машрапов, этно мәдени орталық төрағалары, аудан өнерпаздары және мәдени орталық өнерпаздары қатысты. Тақырыпқа сай даярланған бейнеролик, театрландырылған көрініспен бастау алған шарада аудан әкімінің орынбасары М.Сейтімбетов аудан халқын атаулы мерекемен құттықтады.
- Бұл мерекенің аудан халқы үшін маңызы зор. Ауданымызда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда елеулі жұмыстар атқарылуда. Соның бір дәлелі – мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, одан өзге үш тілді қатар меңгергендердің де саны артқан. Ең бастысы, түрлі этнос өкілдерінің ана тілдері мен мемлекеттік тілді меңгеруіне жағдай жасалған – деді. Тіл құндылықтары оның маңызы жайлы сөз бастаған, өңір басшысының орынбасары жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап аудан басшысының алғыс хатымен марапаттады.
Сонымен қатар, аудандық мәслихат хатшысы, Бақытжан Садықовтың алғыс хатымен түрлі сала мамандары марапатталды. Іс шара мерекелік концертпен жалғасты.