Ауыл маңдары тазарып қалды
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы мен Келес ауданы әкімдігінің және Түркістан қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы Келес ауданына бекітілген 16-сектор аумағында сенбілік жұмыстары жүргізілді. Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі мамандарының дерегіне сүйенсек киелі шаһардың тазалығына үлесімді қосам деген келестік 107 азамат, Денсаулық сақтау басқармасынан 200 азамат және Түркістан қаласындағы 16 сектор аумағында тұратын тұрғындарды қосқанда жалпы 300 ден аса азаматтар қатысқан тазалық шарасында 16-сектордың Қызылорда тас жолының бойы, Қарашық, Баянауыл ауылдарының аумағы тазаланды. Сондай-ақ арық-атыз бойларымен көше жиектері тазаланып, көгалдандыру мақсатында көшет отырғызуға дайын халге келтірілді. Жалпы таң азанмен басталған сенбілікке қатысқан азаматтарды Түркістан қаласына жеткізіп, ауданға қайту мәселісін Келес ауданы әкімдігі тарапынан арнайы автобус көлігімен қамтамасыз етіліп, сенбілік жұмыстарына арнайы шөп қырқатын құрылғылар берілді. Жол бойы және ауыл маңдары күл-қоқыстан тазарып, ажары кіріп қалды. Ұйымдастырушылар мұндай эко шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады дейді.