Бағбандарға Поплоньскидің үйретері көп

Screenshot_1.jpg

Түркістан облысында аграрлық саланы дамыту мақсатында  "Аға сеньорлар" жобасы қолға алынғаны белгілі.  Жобаның мақсаты шетелдік мамандардан тәжірибе алмасу.

Жоба аясында Түлкібастағы "Кентау" ЖШС-ның  бағбандары Еуропа мен Азия елдеріндегі аграрлық кешеннің жұмысын жақсартуды мақсат еткен «Poplonski Trading Company» компаниясының басшысы, Польшалық маман Адам Поплоньскиден тәжірибе алмасты. Өңіріміздге келген польшалық маман  жергілікті бағбандарға  бау-бақша және алма бизнесі саласындағы білімімен бөлісті.   «Польшадан келген маман Адам Поплонски екі апта ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылығына қарқынды жоғары сапалы бақтар өсіруге, өсімдіктерді қорғаумен, өнімдерді сақтаумен және осы логистикалық процестермен байланысты жұмыстарды жолға қоюға көмектесті. Ал жобаны жүзеге асыруды Кәсіпкерлер Палатасы қолға алады", - дейді Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы бизнесті қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Жанна Тілеубекова. 

     Айта кетейік "Кентау" ЖШС-нің алма баулары 190 гектардан аса жерді алып жатыр. Кәсіпорын директоры Бақыт Құрманбековтің айтуынша, алдымен тау бөктеріндегі жер егіншілікке жарамсыз болған, бірақ 2 жыл бағбандар оны мұқият тазалап, су тартқызып, тамшылатып суару жүйесін құрастырып, содан кейін ғана алғашқы ағаштар отырғызды. Мұнда алманың 40 түрі өсіріледі. Көшеттер Италия, Түркия және Польшадан әкелінген. Шаруа қожалығының жоспарында алма бақшасының алаңын 600 га дейін ұлғайту көзделген.