Скляр Арыс пен Түркістанда болды

Screenshot_7.jpg

Түркістан облысына  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр  жұмыс сапарымен келіп, алдымен Арыс қаласына аялдады. Қалпына келе бастаған шаһардағы жаңа шағын ауданның құрылыс барысын тексерді. Қазіргі таңда тұрмысы төмен отбасылар үшін салынған үйлерде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында қажетті инфрақұрылым жасалып, мектеп пен балабақша салу жоспарлануда.

Сондай-ақ, тоғыз  сектордағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын тексеріп, үйлері қайта салынған қала тұрғындарымен кездесті. Роман Скляр құрылысшылармен кездесуде қалған нысандардың құрылысын сапалы және мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Мұнан кейін ҚР Үкімет басшысының орынбасары Түркістан қаласында ат басын бұрып, Тұңғыш Президент саябағында жүріп жатқан абаттандыру жұмыстарын бақылады. Сондай-ақ облыс орталығындағы  салынып жатқан әкімшілік, әлеуметтік және мәдени-тарихи нысандарды аралап көрді.

Сонымен қатар, облыс орталығы құрылысының Бас жоспарымен және әзірлеушісі АҚШ-тың архитектуралық бюросы болып табылатын мәдени-рухани орталық жобасымен танысты. Р. Скляр қос қаладағы құрылыс жұмыстарын дер кезінде сапалы аяқтауды тапсырды. 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Скляр Арыс пен Түркістанда болды