Жомарт жандар 3 отбасыны баспаналы етті

Screenshot_14.jpg

Елбасы Н.Назарбаевтың «Жомарт жүрек» базалық жобасы бойынша Сарыағаш ауданында  тұрмысы төмен, көп балалы 3 отбасы баспаналы болды. Демеушілер тауқымет тартып отырған бұл жанұяларға  тұрғын үй салып берген. Жалпы бұл өңірде жомарт жандар жеткілікті. Байлығын сауапты іске жұмсағандар аналар мен қарияларды да ұмыт қалдырмапты. Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары М.Сейтімбетовтың айтуынша  демеушілер есебінен жыл сайын дәстүрлі түрде ардагерлер, ардақты аналар мен зейнеткерлер киелі жерлерге зиярат жасауға барып қайтады екен. 

Рухани байлыққа баса назар аударатын ауданда  «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша – 237 іс-шара өтіп, 26586 аудан тұрғындары қамтылыпты. Мамандардың дерегінше  «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Туған ел – туған жер» жобасы аясында барлық елдімекендерде абаттандыру, тазалық жұмыстары әр аптада жүргізілуде. 

Сондай-ақ өңірде «Атамекен» кіші бағдарламасы «Табысқа апарар жол», «Әлеуметтік бастамалар картасы» және «Жомарт жүрек» жобалары бойынша жұмыстар жүргізілген.  «Әлеуметтік қолдау» жобасы бойынша жалпы құны 421,7 млн. теңге құрайтын 12 нысан жобасы бар. Алдағы уақытта жобалар іске асатын болады.