«Тәлімді ана, тәрбиелі қыз»

Screenshot_25.png

Тұңғыш Президент -Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басым бағыттарды жүзеге асыру, қыз тәрбиесіндегі ананың алатын орнын насихаттау, қыздарды әдептілікке, ибалылыққа тәрбиелеу, қазақы тәрбиені бойына сіңірген өнегелі ұрпақты көпке үлгі ету мақсатында Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Сүткент ауылдық округінің мәдениет үйінде аудандық «Тәлімді ана, тәрбиелі қыз» тақырыбында ерекше отбасылық сайысы өтті. Бұл туралы Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сайысқа аналар 12-15 жастағы 1 қызымен қатысты. Үміткерлер «Сөз анасы –сәлем» (Үміткерлердің өздерін таныстыруы) «Қызым, еркем, кестесімен көркем» (Қыздардың кесте тігуі), «Тосын тапсырма» (сахнада қыздардың үй шаруасына байланысты тапсырма орындауы) , «Қызым, саған айтам...» (қыз тәрбиесіне байланысты сұраққа ананың шешендік сөздермен жауап беруі), «Ас – адамның арқауы» (сайыс барысында анасы мен қызының ас мәзірін әзірлеуі) бойынша сынға түсті.

Кешегі Шоқандай дараны, Абайдай дананы өмірге әкеліп, ел танитын дәрежеге жеткізген Айғаным, Зейнеп, Зере, Ұлжандай ел аналарының үлгісін жалғастыру – бүгінгі аналардың басты парызы, - деп атап өтті аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Орынша Қалшабекова.

Қазылар алқасының шешімімен барлық шарттан сүрінбей өткен Сүткент ауылынан қатысушы Ашеновтер отбасы І орын, Қоссейіт ауылынан қатысушы Ильясовтар отбасына ІІ орын бұйырса , Достық ауылынан қатысушы Бастаровтар отбасы ІІІ орынға лайық деп танылды.

Сайыс соңында Сүткент ауылдық округінің әкімі Олжас Қалмаханбетұлы Айдосов жақсы іске жанашырлық танытып, демеушілік жасаған жеке кәсіпкерлерге алғысын айтты.

Жеңімпаздар мен қатысушылар аудан әкімінің міндетін атқарушы Бауыржан Қуанышбайұлы Шомпиевтың арнайы Дипломы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: «Тәлімді ана, тәрбиелі қыз»