Түркістан бүкіләлемдік ұйымға мүше болды

Screenshot_3.png

Облыстың орталығы ғана емес туризмнің орталығына айналып жатқан, күн санап түрленіп, көркейіп келе жатқан Түркістан қаласы бүкіләлемдік ұйымның мүшесі атанды. Бұл туралы фейсбуктегі парақшасында Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов жазды. 

  -Түркі халқының ошағы атанып кеткен Түркістан үшін бүгін маңызды күн. Түркістан бүгін бүкіләлемдік «Біріккен қала және жергілікті билік» ұйымының мүшесі атанады. Бұл оған әлемнің 120 еліндегі бір мыңнан аса қаламен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Жыл бойы сол мемлекеттерде тегін жарнама жүреді. Туристтердің келуіне үлкен үлесін қосады, әрине ол қаламызда кәсіпкерлікті дамытып, жұмыс орындарын ашуға себеп болады,-деп жазды қала әкімі. 

Түркістан қаласында бірінші кезеңде 175 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның 102-сы биыл пайдалануға беріледі. Түркістанда ғимарат салуға республиканың өзге өңірлері де атсалысуда.  Қазірдің өзінде жаңа облыс орталығында бірнеше нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жал соңына қарай пайдалануға берілетін нысандардың ішінде Түркістан облыстық әкімдігінің ғимараты да бар. 

Биыл қасиетті қалаға келген туристердің саны 1 миллионнан асып отыр.