Ержанның жұлдызы жанды
Жақында Төлеби ауданында бүлдіршіндер арасында «Балбөбек» балалар байқауы ұйымдастырылды. Кішкентай бүлдіршіндерждің өнеріне қанат бітірген байқау Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынып отыр. Жарысқа қатысушылар көп алдына шығудан қымсынбай өз өнерлерін паш етті.
-Біздің ауданымызда бүгін үлкен іс-шара өтіп жатыр деп есептеймін. «Балбөбек» байқауы биыл 7 мәрте ұйымдастырылып отыр. «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші ссы байқауда талай бүлдіршіннің өнерге бейімділігі ашылып ашылуда,- дейді Төлеби аудандық мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысы Әсілбек Әуесбек.
Байқауда вокал жанрынан 8 әнші және би жанрынан 11 би тобы бақ сынады. Талапқа сәйкес, қатысушылар алғашқы кезеңде өздерін таныстырды. Байқаудың екінші бөлімі ән-жырмен көмкерілді. Бөбектер жарыса би билеп, ән салды. Нәтижесінде би жанры бойынша бас жүлдені «Боташым» балабақшасы алса, ән жанры бойынша бас жүлдені Ержан Мәлік ие болды.
2012 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келген «Балбөбек» байқауы талай өнерпаздардың жұлдызын жақты. Өнер әлеміне жолдама беріп, жаңа есімдері алып келді. Жалпы өнер додасының мақсаты, балаларды отанға, өмірге, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Шығармашылық шыңдалуына үлес қосу.