Сирек кәсіпті қолға алды

Screenshot_19.jpg

Өсірсең бөден де табыс көзі. Осындай қаиғадын берік ұстанған  түркістандық Жанболат Бахтиярұлы  «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 млн. теңге грант алып, қалада бөдене шаруашылығын дамытып отырған бірден бір кәсіпкер.  

«Кореяда бөдене өсіретін шаруашылықта жұмыс істедім. Бөдененің адам денсаулығына пайдалы тұстары мен оны бағудың технологиясын меңгере жүріп, ауылға келген соң осы кәсіппен айналысамын деген идея ойымнан шықпай қойды. Қайтатын уақытым таяп, елге келген бетте бірден әрекетке көштім. Әрине, бұл шаруашылықты дамыту үшін қолдағы азын-аулақ қаржы жеткіліксіз еді. Бірақ, бизнес-жоспарым дайын болатын, енді тек ақша табу керек. Мемлекеттен беріліп жатқан қолдауларды естіп, кәсіпкерлік мектебіне бардым» дейді ол.

Жанболат алдымен тренерлерден кәсіпкерлік сабақтарынан 3 күндік дәріс алады. Одан соң 1 айлық «Бизнес бастау» курсына қатысады. Екі сертификат алып мамыр айында инновациялық жобалар бойынша конкурсқа құжат тапсырады. «Маусым айында конкурстың қорытындысы жарияланды. Мен жеңімпаз атанып, 3 миллион теңге грант ұтып алдым. Бұл «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында көрсетіліп отырған мемлекеттің қолдауы екен. Қаржы қолыма тиген соң қажетті құрылғылар мен 1000 дана бөдене сатып алдым» дейді ол. Кәсіпкердің айтуынша тауықтың жұмыртқасымен салыстырғанда анағұрлым кішкентай жұмыртқада дәрумендер 5 есе көп болады екен. Сонымен бірге, бөдене жұмыртқасының сырты шытынамаса ешқашан бұзылмайды. 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Сирек кәсіпті қолға алды