Ірі қара малын еселеген кәсіпкер

Screenshot_24.jpg

Сайрам ауданына мал шаруашылығын дамытып, жергілікті тұрғындарды ет, сүт өнімдерінен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлер жеткілікті. Солардың бірі  Манкент ауылының тұрғыны Шухрат Әбдікәрімов. Ол өз бизнесін небәрі екі сиырдан бастаған.   Қазір оның «Шерзат-1» деп аталатын шаруа қожалығында 120 ірі қара бар.

– Бүгінде елімізде мал шаруашылығымен айналысамын деушілерге жол ашық. Солардың бірі ретінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламамен мемлекеттен көмек алдым. Ол менің кәсібімнің ілгерілеуіне үлкен септігін тигізді, – дейді Шухрат Әбдікәрімов.

Кәсіпкер «ФудМастер» компаниясына күніне 1 тонна 800 литр сүт өткізеді. Одан бөлек Алматы қаласына ет жөнелтіп отырады. Айтуынша, бұл олардың отбасылық бизнесі. Төрт ұлы да осында еңбек етеді. Балаларының әрқайсысының айлық жалақысы 150 мың теңгені құрайды. Ал, одан өзге 7 жұмысшының айлығы 70 мың теңге болғанымен, кәсіпкер оларды баспанамен, күнделікті ішіп-жеммен толықтай қамтамасыз етіпті.

Кәсіпкер алдағы уақытта шаруашылығын бұдан да кеңейтуді жоспарлап отыр. Оның малды азықтандыруға қажетті жем-шөп дайындайтын 75 гектар жері бар. Әзірге осы жеткілікті дейді, – ол.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ірі қара малын еселеген кәсіпкер