Студенттер екі қолға бір күрек ұстады

Screenshot_6.jpg

Студенттердің жазғы уақытын тиімді пайдалану мақстаныда елімізде «жастар құрылыс жасағы» құрылғаны белгілі. Түркістандық жастар да биыл жазда құр жатпай құрылыс жұмыстарына араласпақ. Сала мамандарының сөзіне қарағанда Түркістан облысында жазғы демалыс кезінде 5 мыңға тарта жас құрылыс жұмыстарына тартылмақ. Соған орай, арнайы «Түркістан жастар құрылыс жасағы» да құрылды. Қазіргі таңда облыс орталығы мен Шымкент қаласының 630 студенті еңбек шартына сәйкес жұмысты бастап кеткен. Жастар рухани шаһардың әлеуметтік экономикалық дамуына өз үлестерін қосып жатыр. Түркістанды түлету бағытында облыстық  Жастар ресурстық орталығы тарапынан түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Құрылысқа тартылған студенттердің шығармашылықпен айналысуға да толық мүмкіндіктер қарастырылған.

 «Қазіргі еңбек шартына көрсетіліп отырғандай ең төменгі жұмыс көлемі  60 мың теңге. Одан кейін студенттерге арнайы құрылысшылардың киімі беріледі. Одан бөлек, күнделікті екі мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Және оларды арнайы көлікпен тасымалдайды»,- дейді Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Мұхтар Сейітжаппаров. 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Студенттер екі қолға бір күрек ұстады