Идеяң болса жүзеге асыр!
"Startup Weekend" семинар-тренингті жастарды кәсіпкерлікке үйретеді. Таяуда Мақтарал ауданында "Жас кәсіпкер" және "Бизнестің жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында дәл осындай семинар өтті.
Мырзакент кентінде өткен басқосуда мамандар кәсіпкерлік саласы бойынша толық түсінік берді. Бизнесті бастау, дамыту, кездесуі мүмкін қиындықтар мен кедергілерді жеңу, алдын алу сынды мәселелерге кеңінен тоқталды. Жалпы семинар - тренингтің мақсаты инновациялық жоба, жастардың арасында ауқымды идеясы барларға қолдау көрсету. Бірақ жоба- халыққа пайдасы тиетін, тиімді жоба болуы керек»,- дейді ұйымдастырушы Сапар Әбдірахмен.
Мамандар жас кәсіпкерлерге шағын және орта бизнес саласын дамыту мақсатында мемлекеттен берілетін жеңілдетілген несиелер мен қайтарымсыз гранттар жайлы түсіндіріп өтті. Қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берген мамандар арнайы сертификатқа ие болды.
«Биыл жастардың жылы. Сондықтан Елбасымыз айтқандай өсемін, өнемін деген жастарға барынша қолджау көрсету керек. Бүгінгі жиын сол қамқорлықтың бір белгісі деуге болады»,- дейді Мақтаарал аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкері Айқын Бауыржан.