Күзге дейін 1,5 мың пәтер үлестіріледі

Screenshot_16.jpg

Облыс орталығы мәртебесіне ие болған Түркістан қаласында тұрғын үй мәселесі оңынан шешіліп келеді. Айталық қала іргесінде «Сырдария» және  «Арман» тұрғын үй кешендері бой көтеріп келеді. Бүгінде шағынаудандарда құрылыс  қызу жүріп жатыр. Аяқталуға жақын 48 пәтерлі үйдің қас беті қапталып бітсе, пайдалануға берілуге дайын. Бұл құрылыс алаңында Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына тиесілі жерде көпқабатты үйлер де бой көтеріп келеді. Аталмыш тұрғын үй кешендерінде  60 пәтерлі үйдің құны 534 миллион теңгені құрайды. Баспана құрылысы біткен мезетте мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне беріледі. 

Бүгінде Түркістан қаласында баспана кезегінде 8 мыңнан астам адам тұр. Пәтерлердің кілтін кезектегі азаматтарға табыстау шілде, қыркүйек айларына жоспарланған. Күзге дейін 1,5 мың пәтер үлестіріледі, - деді Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Жандос Байырханов. 

 Құрылысқа жергілікті мамандар тартылған. Түркістанға жақын орналасқан ауылдағы ағайындар өңірде жұмыс табылғанына риза. Облыс орталығы болып, құрылысы қарқын алған соң Түркістанның бас жоспары да нақтыланып жатыр. Басты құжатқа сәйкес әкімшілік іскерлік орталығында тұрғын үй кешендерінің құрылысы да қарастырылған.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Күзге дейін 1,5 мың пәтер үлестіріледі