Доп қуғандар сайысты

Screenshot_27.jpg

Жастар жылына» орай  "NUR OTAN" партиясы Сайрам аудандық филиалы аудандық денешынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында Сайрам ауданындағы жасөспірімдер арасында футбол ойынынан жарыс өткізді. 

Спорт-денсаулық кепілі ғана емес, жастар арасында достастықты арттырып, бауырмашылдыққа жетелейді. Бүгінгі ұйымдастырылған жарыс та осыған негізделеді. Сайыстың ашылу салтанатына "NUR OTAN" партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдірахманұлы, Ақсукент ауыл округі әкімінің орынбасары Тұрабаев Ырысбай, Сайрам аудандық №3 балалармен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Қуатбеков Қадірбек және аудандық мәслихат депутаттары Егембердиев Батырхан, Жамалбеков Байсейіт мырзалар қатысып, командаларға сәттілік тіледі. Жарысқа ауыл округтерінен жиналған 7 команда қатысып, командалық есепте 1 орынды Ақсу ауылы атынан келген "Жігер" командасы иеленсе, 2 орынды Ақсукент-2 елді мекені атынан шыққан "Қайрат" командасы, 3 орынды Манкент ауылы округі атынан келген "Астана" командасы иеленіп, оларға арнайы дипломдармен бағалы сыйлықтар табысталды.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Доп қуғандар сайысты