Көпір салып берді

Screenshot_3.jpg

Түлкібаста туған жерін түлетуші азаматтар көп-ақ. Түлкібас ауданының  Түлкібас кентінде 12 мыңнан астам тұрғын мекен етеді.  Таң атқаннан күн батқанға дейін   кенттегі жалғыз көпірден мыңдаған көліктер өтеді. Талай жыл жөндеу көрмей, қирауға шақ қалған көпірді жақында жергілікті кәсіпкер өз қаражатына жаңа көпір салып берді. Мұндағы мақсат жергілікті көлік қозғалысын реттеп, жол қауіпсіздігін алдын алу. Жаңадан соғылған көпір  Жабағылы, Күмісбастау, Майлыкент, Елтай, Кемербастау, Т.Рысқұлов ауылдарына және Түлкібас темір жолынан қатынайтын автокөліктердің ағымын азайтуға мүмкіндік береді. Көпір құрылысына  16 миллион теңге жұмсалған.

«Түлкібас кенті аудан орталығынан кейін елді мекендерден өтеді. Бұл жерде 12 мыңдай халық тұрады. 3 мектеп бар.  Жолға келетін болсақ жүргіншілер өтетін көпір болатын. Енді міне көлік те беймарал қатынайтын болды»,- дейді аудан тұрғыны Сапар Тоғысбаев. 

  Жаңа көпрідің ұзындығы - 50 метр, ені - 15 метр. Айналасы екі айда салынып бітті. Алдағы уақытта көпір айналасы толығымен абаттандырылып, саябақ салынады дейді мамандар. 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Көпір салып берді