Шөлейт жерге бау-бақша егіп, жоңышқа өсіріп отыр

Screenshot_5.jpg

Климаты құрғақ, шөлейтті болып келетін Созақ ауданында мал азығы табу оңайға соқпайды. Әдетте жергілікті тұрғындар малдың жем-шөбін көрші облыстардан алып келетін. Енді теріскейліктер мұндай азапты көрмейді. Себебі жергілікті диқан Шәріпхан Ырсымбетов шөлейт жерді игеріп, балауса жоңышқа өсіруді қолға алған. 

Бүгінгі таңда «Болыс  ата»  шаруақожалығында 21 гектар жер бар. Шаруа қожалық ашылғалы бері 7 гектарына мал азығын дайындайды. Қалған бөлігіне бау-бақша өнімдері өндіріледі.

   «Басқа облыстардан мал азығын тасымалдауға бір жылдың ішінде 60 миллион теңгеге дейін шығын шығарады екенбіз. Сосын осы жоңышқаны неге өзімізе екпеске деген ой келді. Жер бар, мүмкіншілік бар. Енді міне  90 пайыз ауылдың жігіттері шаруақожалықтары өзін-өзі қамтамасыз етіп жатыр»,- дейді «Болыс ата» шаруа қожалығының төрағасы Шәріпхан Ырсымбетов.

Шаруақожалықта 7 гектар жерден 100 тоннаға жуық мал азығы дайындалады. Басқа қожалықтарға да өнім өндірудің қыр-сырын түсіндіруде. Сонымен қатар, шаруалар егін егу ісіне жастарды тартуда. Оларға техниканы меңгертіп, егу технологиясын үйретіп жатыр. Алдағы уақытта диқандар шеттен өнім алмаймыз, өзіміз өндіреміз деп жоспарлап отыр.