АИТВ/ЖИТС: Қалай алдын алу керек?

Znalezione obrazy dla zapytania вич

АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы, яғни иммундық жүйені зақымдайтын вирустың қысқартылған атауы.  АИТВ адам ағзасында ғана өмір сүреді және көбееді. АИТВ иммун жүйесін бұзады, осыған орай АИТВ-ны жұқтырған науқас бактериалық және вирустық инфекциялармен зақымданады. Бұл ауруға шалдыққаннан кейін, адам организмінің онымен күресуге шамасы жетпейді, сондықтан жазылу процесі әлсірейді. АИТВ - жұқтырылған иммун тапшылығының синдромының (ЖИТС) бастапқы сатысы болып тадылады.

АИТВ жұқтырғанда адамдардың көпшілігі ешқандай ауру сезбейді. Кейде бірнеше аптадан кейін жұқтырғаннан кейін тұмауға ұқсас белгілер байқалады (температураның жоғарылауы, терідегі бөртпелердің пайда болуы, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, диарея). Адам жұқтырғаннан кейін ұзақ жылдар бойы өзін сау сезінуі мүмкін. Бұл кезең аурудың жасырын (латенттік) сатысы деп аталады. Алайда, бұл уақытта денеде ештеңе болмайды деп ойлау қате. Қандай да бір ауру қоздырғышы, соның ішінде АИТВ организмге еніп, иммундық жүйе иммундық жауапты қалыптастырады. Ол ауру қоздырғышты зиянсыздандыруға және оны жоюға тырысады. Ол үшін иммундық жүйе антиденелерді шығарады. Антиденелер ауру қоздырғышын байланыстырады және оны жоюға көмектеседі. Сонымен қатар, арнайы ақ қан жасушалары (лимфоциттер) ауру агентімен күреседі. Өкінішке орай, АҚТҚ – ға қарсы күрес кезінде мұның бәрі жеткіліксіз-иммундық жүйе АҚТҚ-ны зиянсыздандыра алмайды, ал АҚТҚ біртіндеп иммундық жүйені бұзады.

АИТВ-мен зақымданғаннан кейін, вирусты организмнен жою үшін адамның иммун жүйесі оған қарсы шабуылдай бастайды. Вирус көшірмелерін көбейтпей тұрғанда, организм инфекциямен күреседі. Тіпті адам АИТВ-ын жұқтырып алса да өзін бұрынғыдай жақсы сезіне береді. Қан талдамасынан да ешқандай өзгеріс байқалмауы мүмкін.
Дегенмен, осы уақыттарда вирус ақырындап лимфатикалық түйіндерге шабуылдай бастайды. Лимфатикалық түйіндер организмдегі иммун жүйесінің орталық өзегі болып табылады. Осылайша вирус ми жасушаларына шабуылдап, олардың ақырындап бұзылуына себеп болады.
10-15 жылдың ішінде АИТВ көптеген иммун торларын жояды, соның салдарынан организм инфекциямен күресе алмай қалады. Вирус CD4(см. түсініктемесі төменде) деп аталатын иммун торларын зақымдайды. Егер CD4 иммун торларының саны 200мл-нан төмендеп кетсе, АИТВ ЖИТС-ке ауысады (негізі CD4 иммун торларының саны 600-1000-ға жуық болуы керек). ЖИТС-ке шалдыққан науқас, қауіпті инфекцияларға тап болады.

Адамның вирусты жұқтырғаны, яғни АҚТҚ-ны жұқтырғаны оның ЖҚТБ-ны білдірмейді. ЖИТС таралғанға дейін, әдетте көп уақыт өтеді (орта есеппен 10-12 жыл).

Белгілері

АИТВ инфекциясының бастапқы белгілері қалай болады?

АИТВ-ны жұқтырғанда бастапқыда ешқандай белгілері байқалмайды. Кейбіреулерде АИТВ тұмау тәрізді симптомдары сияқты көрінеді. Сол күйінде бірнеше аптаға дейін сақталып тұрады. Онымен мына белгілер байланысты болып келеді.
• Қалтырау;
• Бас ауруы;
• Шаршаңқырай беру;
• Лимфатикалық түйіндердің үлкеюі;
• Тамақ ауру
• Бөртпе пайда болады.
Егер адам бастапқыда АИТВ-мен залалданған болса, ол өз жағдайын білмейді де. Оған АИТВ жұқтырған адам да көрер көзге қалыпты көрініп, өзін жап-жақты сезініп жүре береді. АИТВ-ның симптомдары - мононуклеоз, тонзиллит, тұмау секілді аурулардың белгілеріне ұқсап келеді.

АИТВ инфекциясының дамыған фазасы қандай болады?
Ауру асқынғанда симптомдар да күшейеді және асқынады. Бұл белгілі бір уақытта білінуі мүмкін. Кейбіреулерде АИТВ-ның симптомдары тек 10 жылдан кейін біліне бастайды. Мұндай АИТВ-ның симптомдары мынадай болады:
• Лимфатикалық түйіндер үлкейеді;
• Іш өтеді;
• Безгек пайда болады;
• Жөтел пайда болады;
• Демікпе пайда болады;
• Өзінен өзі салмақ жоғалтады
АИТВ-мен ауырған ер және әйелдерді емдеудеайырмашылық бар ма?
АИТВ ерде де, әйелде де бірдей болады. Инфекция жұқтырған адам ұзақ уақыт бойы қалыпты көрінісін бұзбай, өзін жақсы сезініп жүре береді. Узақ уақыт бойы екеуінің де иммундары ақырындап әлсірейді, содан организмдері басқа инфекциялармен күресу қабілетінен айырылады.
Ер мен әйелдің залалданған АИТВ-ның айырмашылығы тек мынадай болады: әйелдерде иммун жүйесі әлсірегенде қосымша тағы бір аурулары пайда болады, ондай ауруларының бірі – қынаптық зеңді инфекциясы. Бұл өте қауіпті инфекцияға жатады. Бұл аурумен аурғанда төменгі ағзалар зақымданады (ағзадағы репродуктивті жүйенің инфекциямен зақымдануы) емделуі ауыр болады. Жатыр мойны ауруы тез асқынады, ракалды секілді (дисплазия) және рак (қауіпті ісік). Егер әйелде осындай АИТВ болса, оларды өкінішке қарай емдеу қиын.
Қауіптің себептері мен факторлары

АИТВ қалай жұғады?
АИТВ адамнан адамға тек биологиялық сұйықтықтар арқылы жұғады. Олар: қан, сперма, жатыр сұйықтығы сияқтылар. Залалданған анадан туған балалар жүктілік кезінде инфекциялануы мүмкін. АИТВ көбінесе мынадай жолдармен таралады:
 Инфекцияланған адаммен анал тесігі, жатыр және ауыз арқылы жыныстық қатынасқа түскенде;
 Инфекцияланған адаммен ине немесе шприцтерді ортақ қолданғаннан;
АИТВ-мен залалданған әйелдердің жартысынан көбі жыныстық қатынас жасасқан серігінен жұқтырған. Әйелдер еркекпен қатынас жасағанда жұқтырғанындай, басқа әйелмен қатынас жасаса да осылай жұқтырады. Инфекцияланған адаммен жыныстық қатынас жасасқанда мүшеқапты дұрыс қолданбаса, әйелдерде АИТВ жұқтыру қаупі басым болады.



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: АИТВ/ЖИТС: Қалай алдын алу керек?