Ыдыс-аяқ жуу денсаулыққа пайдалы екенін білесіз бе?
Күнделікті жеңіл физикалық жаттығулар адамның өмірін ұзартуға оң әсерін тигізеді. Әсіресе жүгіру мен ыдыс-аяқ жуу, тағы басқа үй шаруасындағы міндеттер пайдалы екені анықталды.
Зерттеуге 65 пен 99 жас шамасындағы 6 мың әйел қатысты. Ғалымдар зерттеуге қатысушылардың физикалық белсенділіктерін бір апта бойы фитнес-трекерлер арқылы бақылап отырды. Кейін дәрігерлер әйелдердің денсаулығын 3 жыл бойы да бақылауда ұстады.
Жүргізілген тәжірибеде күніне 30 минут уақытын физикалық белсенділікке бөлген әйелдердің өлімі қозғалысы аз әйелдерге қарағанда 12%-ға төмен болғандығы анықталған. Ал күнделікті 1 сағаттық жүктеме өлім ықтималдығының көрсеткішін 39%-ға төмендеткен.
Ғалымдардың айтуынша, физикалық белсенділікке үй шаруасындағы міндеттер, оның ішінде үй жинау, ыдыс-жуу, сондай-ақ таза ауада серуендеу жатады.
«Ұзақ уақыт бойы мұндай әрекет салауатты өмір салты үшін жеткіліксіз деп есептеліп келді. Дегенмен қазір бізде дәлел бар: тіпті ең жеңіл жүктеме әйелдердің келесі 3-4 жылда өмірден өтуінің ықтималдығын төмендетеді», деді зерттеудің бас маманы Андрэа Лакруа.