Қытайдағы індет: соңғы мәліметтер не дейді?

Screenshot_3.jpg

Індеттің ошағы саналатын Хубэй провинциясында (Орталық Қытай) өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 14 840 адам тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хубэйдің гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комитінің хабарлауынша, 12 ақпан сағат 24:00-дегі жағдай бойынша, Хубэй провинциясында коронавирус жұқтырған 14 840 адам тіркелді, 242 адам қаза тапты. Ауруханада 33 693 адам жатыр, соның ішінде 5 647 науқас ауыр халде. Хубэй провинциясының билігі жаңа коронавирус жұқтырғандар санының бірден өсуін олардың қатарына жаңа әдіспен диагностика жасалған науқастар кіргенімен түсіндірді. Бұл шаралар коронавирус жұқтырғандарды ертерек анықтап, оларды тезірек емдеуге бағытталған. Соңғы деректер бойынша, Хубэй провинциясында жаңа коронавирус жұқтырғандар саны 48 мың адам, соның ішінде 1 310 адам көз жұмса, 3441 адам емделіп шықты.