Медиация бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

1584806217459682.jpg

«Түркістан облысы, Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанында "Татуластыру орталығы" жұмыс істеп жатыр. Осы уақытқа дейін орталыққа медиациялық процеспен дауларын шешуге келген азаматтардың барлығы бітімгершілікпен сәтті аяқталды. Күннен күнге "Медиацияны дамыту орталығының" өрісі кеңейіп келеді. "Тәжірибелі заңгерлердің ұлттық орталығы" және "Медиацияны дамыту орталығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы өкілдігінің директоры Лаура Ақшегірованың бастамасымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көптеген мекемелермен меморандум түзіліп, бұған дейін 40 мыңнан астам кызметкерді медиация заңымен таныстырып үлгерді. Жетістіктерімізге куә болып, өзге өңірлердің "Татуластыру орталығының" қызметкерлері тәжірибе алмасуға ниет білдіргенін де хабарлаған болатынбыз. Қарқынды жұмыс тоқтап қалмай, Түркістан облысы Полиция басқармасында жалғасты. Жиынға барлық өңіріміздегі аудандық Полиция бөлімдерінің бастықтарының тергеу жөніндегі орынбасарлары қатысты. 

Screenshot_17.jpg

Лаура Мұратқызы медиация дауларды реттейтін баламалы механизм ретінде үшінші бейтараптық позицияны ұстанып, дауласушылардың өзара еркін ымыраға келуі үшін барлық жағдайды жасайтындығын атап өтті. Мұндай шараны жүзеге асырудың басты мақсаты азаматтық және қылмыстық дауларды азайту және соттан тыс тәртіпте шешілетін істердің жекелеген санаттарын шығару арқылы соттардағы жүктемені азайтуға бағытталған. Жиын барысында Полиция бөлімдері алдағы уақытта "Медиация орталығымен" тығыз байланыста жұмыс жасап, фронт-офистерде медиаторлар кезең-кезеңімен аудан халқына қызмет көрсететіні атап айтылды.

"Бірыңғай қызмет көрсету орталығы" Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 49-да орналасқан.

Байланыс телефоны: 8-776-701-47-77