Қытай коронавирусты жеңгенін мәлімдеді

Қытайда коронавирус індетінің таралуы тоқтады. Бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттің ресми өкілі Ми Фэн мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

photo_65355.jpeg

28 наурыздағы мәліметке сәйкес, елде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 3 мыңнан кем болған. 

"Қытай аумағында эпидемияның таралуы тоқтады", - деді Ми Фэн. ҚХР-да коронавирусты 81 439 адам жұқтырған. 75 448 науқас аурудан жазылса, 3300 адам індеттен көз жұмған.