Коронавирус қарттардан басқа тағы кімдерге қауіпті екені айтылды
Коронавирус қарттардан басқа қант диабеті, семіздік және өкпе ауруларына шалдыққандарға қауіпті. Бұл туралы Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Сондай-ақ, министрдің вируспен күресу мақсатында ішімдік ішпеуге кеңес береді.
"Алкоголь мен темекі коронавирусты жояды деген қауесеттер тарап жатыр. Бұл cандырақ. Ең дұрысы - дұрыс тамақтану. Сондай-ақ, желдетілген бөлмеде физикалық жаттығулар жасаған пайдалы. Қазіргі уақытта иммунитетті көтеруге арналғанның барлығы пайдалы", - дейді ресейлік министр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 634 мың адамға жетіп, 30 мыңға жуық адам қайтыс болған.