13 санитарлық бекетте медицина мамандары кезекшілікте тұр

Шымкент қаласы бойынша 13 санитарлық бекетте медицина мамандары тәулік бойы кезекшілікте тұр. Қалаға кірген көліктер тоқтатылып, дәрігерлер жүргізушіден бастап жолаушылардың дене қызуын өлшейді. 

2ac35b61-c5c2-428b-81ed-1e4085fc4724.jpg

Бұл үшін қаланың кірме жолдарындағы блок-бекеттерде  13 жедел медициналық жәрдем бригадасы (13 бірлік санитарлық автокөлік, 13 фельдшер ЖМК, 13 жүргізуші), 45 орта медициналық қызметкер (фельдшер, медбике) жұмылдырылған. Блок-бекеттердегі медициналық пункттер байланыссыз термометрлермен толық қамтамасыз етілген.

Санитарлық бекеттер талапқа сай жұмыс істеуде. 

Айта кетейік, медицина мамандары 8 сағаттан сайын ауысып, үш ауысымда жұмыс істейді.