Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 3785-ке жетті
Соңғы мәліметтер бойынша, КВИ-ді жұқтырғандардың саны 114-ке толықты. Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны туралы жаңартылған мәліметтер инфографикасы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Coronavirus2020.kz мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 3785 жағдайы тіркелген.
Соңғы мәліметтер бойынша, КВИ-ді жұқтырғандардың саны 114-ке толықты.
Атап айтқанда: Алматыда - 64, Түркістан облысында - 1, Шымкентте - 2, Қарағанды облысында - 1, Нұр-Сұлтанда - 10, Жамбыл облысында - 3, Маңғыстау облысында - 5, Қызылорда облысында - 1, Алматы облысында - 2, Ақтөбе облысында - 25 науқас.