Қарағандыда бір науқас коронавирустан көз жұмды
Қарағанды облысында коронавирус індетін жұқтырған бір науқас көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, марқұм 1958 жылы дүниеге келген ер адам, Шахтинск қаласының тұрғыны.
5 сәуірде пневмония диагнозымен провизорлық госпитальға жеткізілген.
14 сәуірде ҰМКО шешімі бойынша, СОVID-19 расталған соң Нұр-Сұлтан қаласына ауыстырылды. Негізгі диагноз - екі жақты пневмония, ауыр дем алу.
Науқас 19 күн емделді. Дәрігерлердің барлық шараларына қарамастан, 3 мамырда көз жұмды.
Жалпы, республика бойынша коронавирустан 26 адам қаза тапты:
Нұр-Сұлтан қаласы – 3
Алматы қаласы – 8
Шымкент қаласы – 4
Ақмола облысы – 4
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Қарағанды облысы – 2
Қостанай облысы – 1
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысы – 1
Түркістан облысы – 1