Коронавирус: дүние жүзі бойынша 22 мамыр таңғы жағдай
22 мамыр таңғы жағдай бойынша дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 5,1 миллион адамнан асты. Бұл туралы Джонс Хопкинс университеті мәлімдейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Университеттің мәліметі бойынша, дүние жүзінде 5 101 967 адамнан COVID-19 жұқтырған. Инфекциядан 332 900 науқас көз жұмған. Ал 1 948 106 адам аурудан жазылған.
Коронавирус қатты тараған он ел:
АҚШ - 1 577 140 адам вирус жұқтырған, 94 702-сі көз жұмған,
Ресей - 317 554 адам вирус жұқтырған, 3 099-ы көз жұмған,
Бразилия - 310 087 адам вирус жұқтырған, 20 047-сі көз жұмған,
Ұлыбритания - 252 246 адам вирус жұқтырған, 36 124-і көз жұмған,
Испания - 233 037 адам вирус жұқтырған, 27 940-ы көз жұмған,
Италия - 228 006 адам вирус жұқтырған, 32 486-сы көз жұмған,
Франция - 181 951 адам вирус жұқтырған, 28 218-і көз жұмған,
Германия - 179 021 адам вирус жұқтырған, 8 203-і көз жұмған,
Түркия - 153 548 адам вирус жұқтырған, 4 249-ы көз жұмған,
Иран - 129 341 адам вирус жұқтырған, 7 249-ы көз жұмған.
Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирус бойынша статистикасы басқаша. ДДҰ мәліметіне сүйенсек, дүние жүзінде COVID-19 4 904 413 адамнан табылған, 323 мыңнан аса адам қайтыс болған.
Қазақстанда 7234 адамнан коронавирус анықталған. Оның 3843-і аурудан жазылса, 35 науқас көз көз жұмған.