Мақтааралдықтарға көмекке келді

Screenshot_5.png

Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты, облыстық клиникалық аурухананың мамандары «Бізбіргеміз» акциясына қатысып, төтенше жағдайлар кезіндегі проблемалық мәселелерді талқылауға және шешуге өз үлестерін қосты.

Облыстық клиникалық аурухананың эпидемиологы Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жедел жоспарына сәйкес жұқпалы аурулардың және COVID-19 профилактикасы бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізді.

Еске сала кетейік,  Мақтаарал ауданындағы эвакуациялық бекеттерге орналастырылған барлық азаматтарға тиісті көмектер көрсетілуде. Қазіргі таңда аталған аймақта 4 елді мекеннен 5400 адам эвакуацияланды. Жалпы 24 эвакопунктке жайғастырылған адамдардың денсаулығын бақылауға алу үшін 147 медицина қызметкері жұмылдырылған. Оның 58-і дәрігерлер 89-ы фельдшер. Олар бекеттегі азаматтарға тәулігіне 24 сағат бойы қызмет көрсетуде.

Онда дәрігерлер азаматтарға тұрақты түрде COVID-19 вирусының алдын алу шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Сондай-ақ, эвакуациялық бекеттерде жатқан азаматтар арасында коронавирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында 22750 медициналық бетперде 14750 қолғап, 800 литр антисептик, 500 литр дезинцекциялауға арналған сұйықтық және басқа да қорғаныс құралдары үлестірілді. Тағы қажеттілік туындаған жағдайда қорда жиналған құрал жабдықтар қосымша таратылатын болады.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Мақтааралдықтарға көмекке келді